3 күндік мастер-класс
Біліктілікті арттыру шеңберінде медициналық қызметкерлер үшін ШҚО ДСБ «Семей қаласының Перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК базасында, білім беру бағдарламасы бойынша «Медициналық көмек көрсету кезінде инфекцияларды алдын алу және бақылау» тақырыбында (ДДҰ, CDC, 2016-2017жж. материалдары бойынша) 09.07.-11.07.2018ж. аралығында 3 күндік мастер-класс жүргізіледі.
Оқыту акушер-гинекологтар, анестезиолог реаниматологтар, ЖТД, аралас мамандық дәрігерлері, неонатологтар, госпитальдық эпидемиологтар, медбикелер үшін өткізіледі.
Циклдің мақсаты: жүкті әйелдерге, босанатын, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге ИАжБ есебінен перинаталдық қызмет көрсету сапасын жақсарту.
Оқытуды медицина ғылымдарының докторы, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау курсының жетекшісі, профессор Жәмила Сәкенқызы Нұғыманова жүргізеді.
Профессор Ж.С.Нугманова Қазақстанның онкологиялық қызметінің негізін қалаған, ҚР ДСМ онкология және радиология ҚазҒЗИ негізін қалаушы және бірінші директоры, медицина ғылымдарының докторы Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың 100 жылдығына орай, Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Шаровамен «Уақытты басып озған» кітабын беру үшін кездесті.
Жинақта С.Н.Нұғмановтың әріптестерінің, оқушылардың, достары мен отбасы мүшелерінің естеліктері, институттың құрылуы туралы мұрағаттық материалдар ұсынылған
Семей қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Шарова өз кезегінде Семей қаласы әкімі Е.Б.Сәлімовтың атынан естелік кәдесый тапсырды.