2018 жылдың 13 маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен шілде айының әр бірінші жексенбісі Ұлттық Домбыра күні ретінде белгіленіп, жарлыққа қол қойылды.
Бұл жылы мереке 1 шілдеге түсті. Мереке құрметіне осы айтулы күні қалалық Перинаталдық орталықта туылған алғашқы сәбиге сыйлық ретінде қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – домбыра берілді. Ол нәресте 1-корпуста Еркежан Герееваның отбасында туылған ұл бала болды.
Ұлын 2018 жылдың 01 шілдесі күні 00 сағат 05 минутта босанған 3 баланың анасы Гульжаннат Нуртазинаны Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтап, нәрестеге дәстүрлі үкі қауырсынымен безендірілген әдемі қазақ домбырасын және бала кереуетін сыйға тартты. Ұлттық мәдениет бірегейлігін сақтау және қайта өркендету мейірімді Акциясын өткізуге Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері және Семей қаласының денсаулық сақтау қызметкерлері қатысты.