Жамакаев к-сі, 100 (бірінші ғимарат)
8 (7222) 32-47-77
Жамакаев к-сі, 100 А (екінші ғимарат)
Утепбаев к-сі, 57 (үшінші ғимарат)
8 (7222) 77-00-27
Директор:
8 (7222) 32-47-77
Науқастарды қолдау қызметі:
8 (7222) 44-40-03
Мәзір

Жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызу

Науқастарға арналған жадынама

Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл дәрігердің созылмалы аурулар көрсеткіштерінің бар болуы (анықталған жағдайда) және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін, өміріне қауіпті емес жағдайда науқасты стационарға емдеуге бағыттауы. Жоспарлы емдеуге жатқызу науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты бірнеше күн ішінде госпитализация Бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.

Госпитализация Бюросының порталы – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу үшін науқас бағыттамаларын бірыңғай электронды тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтау жүйесі.

Шұғыл емдеуге жатқызу –науқасты жедел жәрдем дәрігері, учаскелік дәрігер немесе қабылдау бөлімінің дәрігері анықтаған жедел шұғыл жағдайы кезінде стационар жағдайында емдеуге бағыттауы. Шұғыл емдеуге жатқызу  науқасты қысқа мерзімде бейінді стационарға дейін тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

Жедел госпитализация үшін:

Кенеттен болған қатты жай-күйлер және өміріне немесе айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар, жазатайым оқиғалар, улану, жарақат алу, босану және шұғыл жағдайлар пайда болғанда жүктілік кезінде емделуші шұғыл тәртіпте ауруханаға жатқызылады.

1-қадам – жедел жәрдем дәрігерін шақыру, учаскелік дәрігерді үйге шақыру, оған тұрғылықты тіркелген жеріндегі емханаға немесе стационардың қабылдау бөліміне тікелей жүгіну;

2-қадам – дәрігер (жедел жәрдем, емхана) шұғыл емдеуге жатқызуға көрсеткіштердің болуын анықтайды және тиісті бейіндегі стационарға жолдама береді;

3-қадам – жолдама арқылы жедел госпитализация үшін тасымалдау  жедел жәрдем машинасымен, санитарлық авиациямен немесе жеке көлікпен жүзеге асырылады;

4-қадам  –  жедел госпитализация кезінде медициналық көмекті уәкілетті аумақтық денсаулық сақтау органы белгілеген тәртіппен стационарлық медициналық ұйымдар көрсетеді.

Жоспарлы госпитализация үшін:

1-қадам – дәрігерге тіркелу орны бойынша жүгіну;

2-қадам - емхана жағдайында минималды көлемде (қажетті) өту;

3-қадам – дәрігердің  жоспарлы емдеуге жатқызуға көрсеткіштерді анықтаған жағдайда, Сіз медициналық ұйым дәрігерімен бос төсектер бар болуын талқылау керексіз;

4 қадам – дәрігер госпитализация Бюросының порталына сіздің деректеріңізді енгізеді және қолыңызға код жазылған «Жоспарлы госпитализацияға талонын» береді, талон бойынша www.bg.eisz.kz сайтында жоспарлы емдеуге жатқызуға өз кезегіңізді бақылай аласыз,сондай-ақ стационарда бос төсек-орын туралы ақпаратты көре аласыз. Мәліметтер құпия болып табылады.

5 қадам – стационар өтініштің тіркелген кезден бастап 2 күн ішінде Порталда жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін анықтайды;

6-қадам – стационармен госпитализация күні анықталғаннан  кейін дәрігер Сізге жоспарлы госпитализацияға Жолдама береді. Жолдаманы Сіз емдеуші дәрігерден немесе үйге жеткізу арқылы ала алсыз.

7-қадам – емдеуге жатқызуды күткен мерзімде Сіз емдеуші дәрігердің бақылауында боласыз. Бақылаудың үздіксіздігі міндетті болып табылады.

8-қадам - Сіз жолдамада көрсетілген уақытта госпитализацияға келуге міндеттісіз. Күтпеген жағдаяттар туындаған болса (басқа жіті аурудың болуы, кету, билеттің болмауы т. б.) Сізге учаскелік дәрігерді уақытында хабардар ету керек.