Жамакаев к-сі, 100 (бірінші ғимарат)
8 (7222) 32-47-77
Жамакаев к-сі, 100 А (екінші ғимарат)
Утепбаев к-сі, 57 (үшінші ғимарат)
8 (7222) 77-00-27
Директор:
8 (7222) 32-47-77
Науқастарды қолдау қызметі:
Колл-центр 8 700 484 84 26
Мәзір

Перзентханаға сөмке: нені алу қажет

Перзентханаға не алу керек? Бастау үшін анықтап алайық: шын мәнінде, сөз бір емес, ал 2-3 сөмке туралы. Әйел адам әрдайым бірден босану залына түспейді, кейде босануға дейінгі бөлімде кідіріп қалуына тура келеді. Босануға дейінгі және босану кезіндегі заттар – бір бөлек, босанғаннан кейінгі заттар – бір бөлек. Баланың заттарын да өз киімдеріңізден бөлек салған дұрыс. Босану кезінде жаныңызда серіктесіңіз болса, онда оған да өз сөмкесін алу керек.

Қандай сөмке алған дұрыс? Бір мағыналы тоқылған емес. Матадан немесе тіпті былғарыдан жасалған сөмке өзіне көптеген микробтар мен шаңды жинайды. Ең дұрысы синтетикалық материалдан, оңай жуылатын сөмке немесе үлкен және мықты полиэтилен пакеттер алыңыз. Барлығын екі пакетке орналастырсаңыз жақсы және үш пакеттен аспайтындай қылыңыз, өйткені өзіңіз де шатасасыз, перзентхана қызметкерлерін де тарылтасыз. Ең қажетті заттарды оңай табу үшін мөлдір пакетке салыңыз.

Қажетті заттар тізімін сізге айырбас картасына қол қойған кезде (әдетте бұл жүктіліктің үшінші триместрінде) перзентханадан береді. Әрбір перзентханада бұл тізімде аздаған айырмашылықтар болады. Қажетті заттардың болжамды тізімін төменде көре аласыз.

Босану залына қажетті заттар: (Вещи в родзал)

Құжаттар. Міндетті түрде төлқұжаты және айырбас картасы, сондай-ақ бағыттама, сақтандыру полисі немесе бар болса перзентханамен жасалған келісімшарт. Назар аударыңыз! Айырбас картасы болмаса перзентхана сізге әдеттегі тәртіппен қызмет көрсетуге құқығы жоқ!

Су және азық-түлік. Газдалмаған ауыз су (1,5-2 л) және ұзақ уақыт сақталатын шағын азық-түлік (мысалы, жаңғақтар немесе кептірілген жемістер). Босану кезінде сіз көп сұйықтық жоғалтасыз, сондықтан су ішкіңіз келеді. Босану, әсіресе алғашқы рет, әдетте 10-12 сағатқа созылады, көбінесе түнде аяқталады, сондықтан тамақ сатып алу қиындық тудыруы мүмкін.

(Одежда) Киім-кешек. Кейбір перзентханаларда киімді де қамтитын босанатын әйелдердің арнайы стерильді жинағын сатып алуды талап етеді, бірақ өз киіміңізде босанғыңыз келсе, ол да сізге рұқсат етіледі. Түнгі көйлек мұқият тазалап жуылған, үтіктелген және бахила, бас киім немесе шашқа арналған орамалмен бірге бөлек пакетке салыну керек. Сонымен қатар сізге босанудан кейінгі палатаға, ең болмағанда бірінші күн үшін халат немесе кофта керек. Егер сіз босанудан кейінгі палатада түнгі көйлек немесе халатпен жүрсеңіз,  онда көйлектің  бала емізуге ыңғайлы болуын ескеріңіз. Сіз тоңғақ болмасаңыз да, міндетті түрде шұлық алыңыз, себебі бұл гигиена тұрғысынан қажет.

(Обувь) Аяқ киім. Босану залында пайдаланатын шәркелер өте таза болуы тиіс, бірақ тіпті бұл жағдайда да сізге бахила киюіңізді талап етуі мімкін. Кез келген жағдайда да шәркелер сізге босанғаннан кейін де қажет болады.

(Одноразовые пеленки) Бір реттік жаялықтар. Бір рет қолданылатын гигиеналық жаялықтар босану залында пайдалану үшін өте ыңғайлы, құндақтау үстелі немесе төсекке төсеу үшін кейінірек те қажет болады, сондықтан кем дегенде үшеу алыңыз. Егер перзентханада қарсы болмаса, оларды жаймалар және клеенкамен алмастыруға болады. Ондай жаймалардан шамамен бесеу керек. Сондай-ақ, жаймаларды да мұқият тазалап жуып және үтіктеп әкелу керек.

(Предметы гигиены) Гигиена заттары. Сабын және сүлгілер – міндетті түрде. Көпшілік перзентханаларда сабын - сұйық,  ал сүлгі - қағаз болуын талап етеді, бірақ қарапайым сүлгіні де алуға болады. Жұмсақтау дәретхана қағазын, ересектерге арналған бір-екі жөргек немесе бір қорап үлкен көлемді гигиеналық төсемдер алыңыз. Сондай-ақ, ұстара,  гигиеналық ерін далабы, душқа арналған шәрке, ылғалды салфеткалар қажет болуы мүмкін.

(Медицинские препараты) Медициналық дәрі-дәрмектер. Ең көп айырмашылықтар осында: әрбір перзентхана өзінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып талап қояды. 3-5 жұп стерильді қолғап, венозды катетер, зарарсыздандыратын сұйықтық  және бір реттік клизма қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар, сіз жиі қолданатын дәрі-дәрмектерді міндетті түрде алыңыз: бас ауруы немесе қысым дәрілері, тыныштандыратын немесе асқазан тамшылары және басқалары.

Гаджеттер. Ұялы телефон және зарядтау жабдығы, мүмкін, зарядтау құрылғысы бар фотокамера. Егер серіктесіңіз босану залында түсірім жүргізуге ниеттенсе, алдымен медицина қызметкерлері қарсылық білдірмейтініне көз жеткізіңіз.

(Деньги) Ақша. Үлкен сома алудың қажеті жоқ, бірак міндетті түрде, біраз ақша алғаныңыз дұрыс.

(Вашему партнеру в родзал понадобятся) Серіктесіңізге босану залында қажетті заттар:

(Документы) Құжаттар. Төлқұжат немесе басқа жеке куәлігі. Қажетті анализ нәтижелері (тізімді міндетті түрде перзентханадан анықтаңыз, ең дұрысы бұл флюорография және стафилококкқа жағынды).

(Одежда и обувь для родзала) Босану залына киім және аяқ-киім. Арнайы стерильді жинақ, бірақ үй киімімен кіруге болады. Киім ыңғайлы және тазалап жуылған болуы тиіс. Аяқ киім де таза және жуылатын болуы керек.

(Питьевая вода и еда) Ауыз су және азық-түлік. Жылы үй-жайда, тоңазытқышсыз 10-12 сағат бойы бұзылмайтын тамақ алыңыз.

(В послеродовом отделении пригодятся) Босанудан кейінгі бөлімде қажет болады:

- гигиеналық төсемдер (тек тампон емес!);
- 2-3 жұп іш киім;
- емізу үшін кеудеше;
- жарылудың алдын алатын емшек кремі;
- ыдыс-аяқ (кесе, тәрелке, ыстық заттар үшін табақ, жұп қасық);
- төсек орын жабдығы;
- бір реттік жаялықтар немесе төсекке клеенка;
- ыңғайлы киім;
- дәретхана қағазы;
- сүлгі, сабын немесе душ гелі;
- бір-екі қоқыс пакеттері;
- тарақ, тіс щеткасы және пастасы, шаш қыстырғыш немесе буғыш, маникюр қайшылары және өзге де ұсақ-түйектер.

(Дополнительно могут оказаться полезными) Қосымша пайдалы болуы мүмкін:

- кеудешеге төсемдер;
- тартып байлайтын іш киім немесе босанғаннан кейінгі бандаж;
- унитазға қаптама;
- қағаз сүлгілер;
- орта мөлшердегі 2-3 таза шүберек – сүлгі, еден жуатын, үлкен салфетка ретінде де қолданылуы мүмкін;
- блокнот пен қарындаш;
- электрлі шәйнек.

Перзентхана тізіміне жиі төс сорғыны қосады, бірақ ол екіталай қажет. Заманауи перзентханалар (барлық дерлік) кеңестік кезең дәстүрінен бас тартқан. Жиі болмайтын күрделі жұқпалы аурулар кездесетін кейбір жағдайлар бұған кірмейді.

(Список вещей для новорожденного) Нәрестеге арналған заттар тізімі:

Нәресте сөмкесіне босану залына керек заттар салынған шағын пакет қарастырыңыз.

Босану залында нәрестеге қажетті заттар:

Комплект одежды Киім жинақтамасы. Ол жейдеше мен шалбар немесе шалбар мен боди болуы мүмкін. Жинақтамада міндетті түрде бас киім және шұлық болуы тиіс.

Бір рет қолданылатын жөргек және сеппе. Босану залына жөргектің тұтас қорабын алудың қажеті жоқ, 1-2 жеткілікті.

Жұмсақ көрпе және сейсеп. Әдетте босану залында өте жоғары температура сақталады, сондықтан жүн көрпенің қажет болуы екіталай.

Бір реттік жаялық. Таза жұмсақ жаялықпен алмастыруға болады.

Медициналық тауарлар. Нақты тізімі перзентханаға байланысты, бірақ оның ішіне кіндікке арналған қысқыш пен жақпа май немесе көзге арналған тамшылар кіреді. Сондай-ақ, қырмызы тұнбасы, бриллиант жасыл және электронды термометр кіруі мүмкін.

(В послеродовом отделении новорожденному понадобятся) Босанудан кейінгі бөлімде жаңа туған нәрестеге қажет:

- бір реттік жаялықтар (кемінде 20 дана);
- сеппе және балалар кремі;
- жаялықтар: 2-3 бір реттік және 5-6 қарапайым мақта-маталық;
- балаларға арналған сабын және май;
- балаларға арналған ылғалды майлықтар ( қарапайым спиртсіз сулы майлықпен алмастыруға болады);
- электронды термометр (перзентханаға оны алмауға болады, бірақ ол сізге әлі керек болады, сондықтан сатып алған дұрыс);
- 2-3 киім жинақтамасы (бас киім, шұлық, қолғаптар, жейдеше мен шалбар немесе жөргек кигізгенге ыңғайлы ілгектері бар боди);
- 2-3 жұмсақ жаялықтар;
- мақта таяқшалары мен дискілері;
- екі пипетка, кішкентай клизма және аспиратор;
- 2 немесе 5 кубтық 2-3 шприц, инесіз болса да болады, өйткені олар қасыққа қарағанда су немесе дәрі беруге ыңғайлы.

Перзентханадан шығару үшін заттарды бірден алмай, оларды туыстарыңыздан кейінірек сұратып алуыңызға болады. Сізге – бел көлемінің өзгеруіне байланысты киім жинақтамасы, ал сәбиге – киім және конверт немесе көрпеше (ауа-райын ескеріңіз) қажет болады. Балаға арналған барлық заттарды, тіпті жаңа заттарды да, балалар сабыны және жуатын ұнтақпен жуып, үтіктеу қажет.

Соңында: ауыр жүктерді тасу қажеттілігі туралы уайымдамаңыз – сөзсіз, сізге көмектеседі. Көптеген перзентханаларда гардероб, палата, босану залы және босанудан кейінгі бөлім арасында  заттарды тасымалдауға жауап беретін арнайы санитар немесе медаға бар болады.