Жамакаев к-сі, 100 (бірінші ғимарат)
8 (7222) 32-47-77
Жамакаев к-сі, 100 А (екінші ғимарат)
Утепбаев к-сі, 57 (үшінші ғимарат)
8 (7222) 77-00-27
Директор:
8 (7222) 32-47-77
Науқастарды қолдау қызметі:
Колл-центр 8 700 484 84 26
Мәзір

Жүктілікті жоспарлау

Жүктілікке дайындық болашақ ата-аналар үшін отбасын жоспарлаудың ажырамас бөлігі ретінде қабылдануы тиіс. Өйткені күрделі емес «бизнес-жоспарды» іске асыру тек қуанышты ана мен әке атану мүмкіндігін еселеп арттырады. Дені сау аяулы сәби – ең-нағыз бақыт.

Зиянды әдеттер:

Зиянды әдеттерден арылу керек, және тезірек – бүгіннен бастаңыз! Жүктілікті жоспарлау – игілікті және мәнді шешім,  ол келешекте сізге және сіздің сәбиіңізге міндетті түрде көмектеседі. Сондықтан сізді құртатын құмарлықтарға қарсы тұруға күш табыңыз. Темекі шегуден және ішімдік қабылдаудан бала бітпей тұрып үш ай бұрын бас тарту керек. Никотиннің репродуктивтік функцияға тератогендік әсері (туа біткен даму аномалиясын тудыру қабілеті) қазірдің өзінде ғылыммен дәлелденген. Пассивті шылым шегу де,  белсенді шылым шегу сияқты болашақ сәбиге бірдей қауіпті екенін ұмытпаңыз.

Дұрыс тамақтану:

Болашақ ананың, сондай-ақ әкенің де диетасы ұтымды және үйлестірілген болуы тиіс. Тағамға ақуыз (диеталық ет, балық және теңіз өнімдері, сүт, ірімшік, жұмыртқа акуызы, майсыз сүзбе),  майлар (жаңғақтар, үйреншікті күнбағыс майының орнына зәйтүн майы) және көмірсуларды (мейіз, құрма, күріш, қарақұмық) қолданыңыз. Осы кезеңде әйелге өз салмағын қадағалап, денесін тонуста ұстауы өте маңызды, сол кезде жүктілігі мен босануы оңай және асқынуларсыз өтеді. Сондай-ақ, бұл асыға күткен сәбиге де оң әсерін тигізеді. Бұл ретте жүктілікті жоспарлау кезінде күрт арықтау да, салмақ қосу да орынсыз болатынын ескеру қажет. Физикалық дайындалған әйелдерге тууға дейінгі қалыпқа келу әлдеқайда оңай болатынын ұмытпаңыз.

Дәрумендер курсын егер сіз жүктілікті ерте көктемде немесе кеш күзде жоспарласаңыз ғана қабылдау қажет. Ұрықтану үшен ең қолайлы кезең тамыз-қыркүйек айлары болып саналады. Дәл осы айларда біз көптеген витаминдер мен күн энергиясын біздің ағзамызда синтездеу үшін аламыз.

Медициналық аспектілер:

Сізге және еріңізге қандай жауапкершілік түсетінін толық түсінуіңіз қажет. Бұл үшін жүктіліктің ерекшеліктері, міндетті анализдер, мүмкін туындайтын мәселелер туралы алдын ала хабардар болғаныңыз дұрыс. Мүмкіндігінше жақын жердегі ана мектебінен «жас сарбаз курсын» өтіңіз, немесе акушер-гинеколог дәрігеріне консультацияға жазылыңыз. Сіз жүктілікті жоспарлай алу үшін дәрігер қандай бастапқы тексеруден міндетті түрде өту керектігін айтады, себебі, мысалға урогениталды инфекция табылған жағдайда екі серіктеске де емдеуден өтуге тура келеді, тиісінше болашақ баланың ұрықтану сәті сіздің емделу мерзіміңізге шегеріледі.

Әдетте, мынадай анализдер талап етіледі:

  • қанның клиникалық анализі;
  • несептің жалпы анализі;
  • Gn және trich жағынды алу;
  • ЖҚТБ-ға (ВИЧ) қан өткізу, RW (мерез), B және C гепатиттері;
  • потенциалды ата-ананың қан тобы, резус-факторы;
  • TORCH-инфекциясына қан өткізу - ұшыққа, цитомегаловирусқа, токсоплазмозаға және қызамыққа антиденелерді анықтау (жоспарлаған жүктілікке 3 ай бұрын);
  • микоплазму и уреаплазмаға несеп жолынан егу;
  • хламидияға тексеру;
  • хорионды гонадотропинге антиденелерді анықтау (ХГА).

Міндетті түрде тіс дәрігеріне барыңыз! Егер сізде тіс проблемалары болса, оларды жүктілік басталғанға дейін шешіңіз. Бұл ұсыныс стоматологиялық процедуралар кезінде көбінесе 9 маңызды ай ішінде қарсы көрсетілген анестезия және рентгендиагностика талап етілуіне байланысты.

Сондай-ақ,  есепте бұрын тұрған немесе тұратын терапевт дәрігеріне көрініңіз. Ол сөзсіз сіз жиі жүгінетін мамандармен кеңесуге ақыл береді. Егер сіз дәрілік препараттар қабылдап жүрсеңіз, дәрігерден ұрықтану және жүктілік туралы міндетті түрде сұраңыз. Бірқатар дәрілер ана ағзасына және ұрыққа уытты әсерін тигізуі мүмкін. Ұрыққа зиян келтіруі мүмкін процедуралар да бар. Оларға рентген және радиоизотоптық зерттеулер, МРТ және басқалары жатады.

Егер отбасыда бұрын генетикалық немесе хромосомдық аурулар болса, генетик дәрігеріне жолығуды ұмытпаңыз.

Жүктілік және жұмыс

Әрине, жүктілік – ауру емес, табиғи процесс. Дегенмен, бұл процесстің кестесі жоқ: дәрігерге бару, жоспардан тыс емдеуге жатқызу. Егер сіздің жұмысыңыз жиі іссапарларды немесе дене белсенділігін талап етсе, жүктілік кезінде кестені жайлылық жағына қарай қайта қарауға дайын болыңыз.

Әйелдер консультациясы

Сіз жүктілікті қайда байқайтыныңызды мүмкіндігінше ол басталғанға дейін білгеніңіз дұрыс. Жеке меншік немесе мемлекеттік мекеме болғанына қарамастан, клиникаға есепке алу шарттарын анықтап алыңыз. Дәрігермен танысыңыз және жүктілікті жүргізу бағдарламасы туралы максимум ақпарат алыңыз: мамандардың жұмыс режимі, зертхананың болуы тағы басқа. Осының барлығы сіз «қызықты» жағдайда болған кезде, жағымсыз тосын сыйларды болдырмауына мүмкіндік береді. Өйткені жүктілік кезінде